Спорт-денсаулық кепілі

Бүгін сіздерге физикалық қозғалыстың адам ағзасына қаншалықты пайдалы екенін сөз еткенді жөн көрмекпіз. Технология

қарқынды дамыған мына заманда физикалық қозғалыс өте аз. Мұның өзі денсаулыққа мейілінше кері əсерін тигізеді. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата — бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” — деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.
Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай — ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан. Спорт арқылы сіз қан айналымын жақсартып, жүрек қан-тамырлары, астихандроз,грыжа секілді т.б.көп таралған ауру түрлерінің алдын аласыз! Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *